Қасиетті Құрбан айт мерекесі биыл 17-19 маусым аралығында аталып өтеді
Биыл 17-19 маусым аралығында аталып өтетін қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі:
- «Шанхай» базары
- «Баракат» базары (А-369 көшесі, 10)
- «Жайлау» базары (С-754 көшесі, ғимарат. 1)
- «Шолпан-ата» базары («Алаш» тас жолы, 27/2)
- Темір жол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).
Ауыл шаруашылығы жануарлары сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында сойылуға тиіс.
Бүгін біз ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын талқылау үшін сою нысандарының иелерімен кездесу өткіздік. 2 санаттағы рұқсат құжаттары жоқ жерлерде жануарларды союға тыйым салынады, - деп атап өтті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Мелис Қайнулдаев.
Айта кетері, биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 17 маусым, дүйсенбіге түсіп тұр.