ТЖД қызметкерлері өртенген үйден газ баллонын алып шықты
Қарағандыда жер үйден өрт шығып, үйдің 63 жастағы иесі мерт болды, деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы жағдай бүгін, 6 маусым күні Қарағандыдағы Столичная көшесінде болды. Өрт кезінде 4 бөлмелі үйдегі заттар, жиһаздар, терезелер мен есіктердің жақтаулары жанған. Жалын шарпыған аумақ 16 шаршы метрді құрап отыр.
«№7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы жүрекке массаж жасап, 1961 жылғы үй есінің есін жидырып алған. Ол Қарағандының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке қарай, ер адам көз жұмды», - деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
ТЖД қызметкерлері өртенген үйден газ баллонын алып шықты. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.