×

Константин Малиновский ел рекордын қайталап, Әлем кубогының финалына шықты

Ол 50 метрге 3 позицияда винтовкамен нысана көздеуде 593 ұпай жинап, бесінші орын алды

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2024 | 18:10
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін мерген Константин Малиновский Германияның Мюнхень қаласында нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде финалға шықты.

Ол 50 метрге 3 позицияда винтовкамен нысана көздеуде 593 ұпай жинап, бесінші орын алды.

Ертең Константин Малиновский финалда жүлдеге таласатын 8 адамның арасында болады. Ол кеше алғашқы іріктеу айналымында 585 балға ие болып, 140 спортшының арасынан таңдаулы 70 атлеттің қатарына қосылған.

Кеше алғашқы іріктеуге қатысқан 140 спортшының арасынан негізгі кезеңге шықтым. Бүгін бәрі өзім ойлағандай болды. Бір ай бұрын Риодағы кезеңде 593 ұпай жинап, Қазақстан рекордын жасағанмын. Мана сол көрсеткішімді қайталадым. Ертеңгі финалға дайынмын, – деді ол іріктеуден кейін Спортты дамыту дирекциясына берген сұхбатында.

Константин Малиновский бір ай бұрын Рио-де-Жанейрода өткен Әлем кубогында финалға жетіп, бесінші орын алған (50 м). Сондай-ақ ол былтыр Жакартадағы кезеңде күміс жүлдені иеленген(10 м). Бұдан басқа былтыр Оңтүстік Кореяда осы жаттығуда (50 метр) Азия чемпионы атанған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама