Референдум: қай өңірлер көш басында тұр?
Тізімнің соңында Алматы қаласы тұр
Астана уақытымен 18.00-дегі жағдай бойынша Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, жалпы республика бойынша 7 624 641 адам бюллетень алды, бұл тізімге енгізілген азаматтардың 65,04%.
«Ақмола облысы – 69,07%, Ақтөбе облысы – 55,90%, Алматы облысы – 68,10%, Атырау облысы – 62,45%, Батыс Қазақстан облысы – 65,49%, Жамбыл облысы – 68,10%, Қарағанды облысы – 73,31%, Қостанай облысы – 71,07%, Қызылорда облысы – 75,02%, Маңғыстау облысы – 59,14%, Павлодар облысы – 72,88%, Солтүстік Қазақстан облысы – 73,12%, Түркістан облысы – 78,24%, Шығыс Қазақстан облысы – 72,76%, Нұр-Сұлтан қаласы – 53,87%, Алматы қаласы – 29,82%, Шымкент қаласы 69,55% өз таңдауын жасады», - деді Шавкат Өтемісов.
Дауыс беру учаскелеріне қазақстандықтардың келуі туралы келесі ақпарат кешкі сағат 20.00-де жарияланады.
Айта кетейік, осыған дейін Орталық референдум комиссиясы «референдум өтті» деп хабарлаған.