×

Жетісу облысында аудан әкімі шаруаларға конкурссыз жер таратқан

Қадағалау актісі бойынша жерлер мемлекетке қайтарылды

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2024 | 14:23
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 137-бабы бойынша айыпталды, деп хабарлады өңір прокуратурасы.

Прокурорлар анықтағандай, Ескелді ауданында 20 га жер жекелеген шаруа қожалықтарына конкурссыз берілген. Бұл іс бойынша жер таратқан адам Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзуғаны үшін айыпталады.

Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды.

Жалпы, жыл басынан бері Жетісу прокурорлары жалпы кадастрлық құны жарты млрд теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерін қайтарды. Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмей, мақсаты бойынша пайдаланылмай, сондай-ақ жер заңнамасын бұза отырып берілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама