Алматыда автожөндеу зауыты мемлекетке қайтарылды
«832 авторемонтный завод КИ» АҚ 7 жыл бұрын сатылған болатын
Алматы қаласының Прокуратурасы заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша жұмыспен айналысып жатыр, деп хабарлады ведомство.
Осы жұмыс аясында құзырлы орган 2017 жылы «832 авторемонтный завод КИ» АҚ-ның жалғыз акционері активтердің құнын 310 млн теңгеге азайтып, оны басқа компанияға сатқанын анықтады.
Осыған байланысты Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 27 мамырдағы шешімімен мәмілені жарамсыз деп тану туралы прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды, – делінген хабарламада.
Прокуратура жұмысының нәтижесінде 2,5 мың шаршы метр және 1,87 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.