Стенд атушы Виктор Хасянов Green Cup турнирінің жеңімпазы атанды

Дастан Жұмабекұлы

«Скит микс» жаттығуында Эдуард Ещенко мен Диана Сабекова қола жүлде иеленді

Фото: Olympic.kz

Стенд атудан Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан Green Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.

«Скит микс» жаттығуында Эдуард Ещенко мен Диана Сабекова жұбы қола жүлдегер атанды. Ал «трап»  жаттығуы бойынша Виктор Хасянов жеңімпаз атанды. 

Турнирде жүлде алған Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен. 

Тоди қалсындағы турнир 22 мамыр басталған. Ол 9 маусымға дейін жалғасады.

Бүгінде жарысқа әлемнің 20 мемлекетінен 350 спортшы қатысып жатыр.