Теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолиниден жеңілуге мәжбүр болды
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шыға алмады.
Теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен ойнап, одан жеңілуге мәжбүр болды.
Филипп Шатрье кортында италиялық теннисші матчты брейкпен бастады. Есеп 2:0 болғанда ол тағы бір брейк жасап, бірінші сетте 6:2 есебімен жеңді.
Паолини екінші сетте де брейкпен 2:1 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Үшінші, шешуші сетте Паолини Рыбакинадан 6:4 есебімен басым түсті.