Halyq Uni логотип
×

«Ролан Гаррос»: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады

Теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолиниден жеңілуге мәжбүр болды

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2024 | 10:01
«Ролан Гаррос»: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен ойнап, одан жеңілуге мәжбүр болды.

Филипп Шатрье кортында италиялық теннисші матчты брейкпен бастады. Есеп 2:0 болғанда ол тағы бір брейк жасап, бірінші сетте 6:2 есебімен жеңді.

Паолини екінші сетте де брейкпен 2:1 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Үшінші, шешуші сетте Паолини Рыбакинадан 6:4 есебімен басым түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама