×

Олжас Анафин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Ол 2020 жылдан бастап осы кезде дейін министрліктің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті болды

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2024 | 09:51
Фото: gov.kz/ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Үкіметтің қаулысымен Олжас Сейтбатталұлы Анафин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Олжас Анафин 1986 жылы туған. Ол Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық маманы болып бастаған.

2015-2016 жылдары Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың бөлім басшысы, 2016-2020 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарма басшысы, басқарушы директоры болып қызмет атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама