Halyq Uni логотип
×

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Елдің оңтүстігінде +35+43 градусқа дейін қатты ыстық, оңтүстік-шығыста +35+40 градусқа дейін ыстық болады деп болжанып отыр.

 Халық үні 06.06.2024 | 07:30
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: needpix.com

«Қазгидромет» РМК 6-8 маусымға ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, бірқатар өңірде жаңбыр жауады, 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда орталықта, 8 маусымда шығыста найзағай ойнап, жел соғып, қатты жаңбыр жауады, солтүстікте, батыста, орталықта, шығыста бұршақ жауады.

«Елдің оңтүстігінде +35+43 градусқа дейін қатты ыстық, оңтүстік-шығыста +35+40 градусқа дейін ыстық болады деп болжанып отыр. Елдің батысында 6-7 маусымда күндіз +30+38 градус болады, 8 маусымнан бастап +25+30 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта күндіз +22+30 градустан +20+25 градусқа дейін аздап төмендейді», – деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама