×

Карина Мамаш күйеуі ұрып жатқан жантүршігерлік видеоны жариялады

Видеодан Каринаның бет-аузы көгеріп, мұрнынан қан сауғалаған сәттерін байқауға болады

 Халық үні 05.06.2024 | 22:51
Фото: kz24.news

Дубайдағы бұрынғы дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуі ұрып жатқан сәттен видео жариялады.

Сәкен Мамаш осыған дейін әйелінің айтқанын жоққа шығарып, әлеуметтік желіде үлгілі отағасы, бақытты жанұя екенін көрсеткісі келіп, біраз видео таратқан болатын. Алайда бүгін Карина Мамаш күйеуінен көрген қорлығын видеомен дәлелдеді.

Видеодан Каринаның бет-аузы көгеріп, мұрнынан қан сауғалаған сәттерін байқауға болады.

«Осы сәтті есте сақтап қалатындай етейік», – деп видео түсірген ол.

Еске салсақ, Карина Мамаш күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылған. Елші кеңесшісінің үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама