×

Қырғызстанда қазақстандық кәсіпкерге іздеу жарияланды: «Қазақмыс» мәлімдеме жасады

Владимир Жұманбаевтың ҰҚМК хабарламасында көрсетілген құрылымдарға қатысы жоқ

 Халық үні 05.06.2024 | 19:33
Фото: Қырғызстан ҰҚМК

Әлеуметтік желіде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Қазақстан азаматына – «Kazakhmys Holding» ЖШС топ-менеджері, «Алтын Алмас» және «Қаражыра» акционері Владимир Жуманбаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны туралы ақпараты тарады. «Қазақмыс» компаниясы осы жайтқа байланысты мәлімдеме жасады.

«Осыған байланысты Владимир Жұманбаевтың ҰҚМК хабарламасында көрсетілген құрылымдарға қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта Жұманбаев еңбек демалысында. Ол құқық қорғау органдарынан жасырынбайды және тергеуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын.Бұған қоса «Қазақмыс», «Алтын Алмас» және «Қаражыра» компаниялар тобына Қырғызстанның сотқа дейінгі тергеу органдарынан ресми өтініштер келіп түскен жоқ», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар компаниялар тобы өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратынын және өз қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама