Ол ресейлік теннисшімен бірге жарыстың 5-ракеткаларын жеңді
Теннисші Әмір Омарханов Францияның Париж қаласында жасөспірімдер арасында жұптық сында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты.
Жас теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге екінші айналымда жарыстың 5-ракеткалары – франциялық Чарли Камю мен аустралиялық Хайден Джонспен сынға түсті.
Бұл ойында бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, Омарханов пен Дерепаско шешуші сәтте 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.
Екінші сетте Омарханов пен Дерепаско 3 брейк жасап, матчты жеңіспен (6:2 есебімен) аяқтады.
Енді олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.