×

Әмір Омарханов «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында ойнайды

Ол ресейлік теннисшімен бірге жарыстың 5-ракеткаларын жеңді

 Дастан Жұмабекұлы 05.06.2024 | 16:24
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Теннисші Әмір Омарханов Францияның Париж қаласында жасөспірімдер арасында жұптық сында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты.

Жас теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге екінші айналымда жарыстың 5-ракеткалары – франциялық Чарли Камю мен аустралиялық Хайден Джонспен сынға түсті.

Бұл ойында бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, Омарханов пен Дерепаско шешуші сәтте 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Екінші сетте Омарханов пен Дерепаско 3 брейк жасап, матчты жеңіспен (6:2 есебімен) аяқтады.

Енді олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама