×

Орталық Азиядағы ең қымбат футболшы аталды

Өзбекстан құрамасы ойыншысының бағасы 6 млн еуроға жетті

 Дастан Жұмабекұлы 05.06.2024 | 15:36
Фото: gazeta.uz

Футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі, Мәскеу қаласының ЦСКА клубының (әскерилердің орталық спорт клубы) жартылай қорғаушысы Аббосбек Файзуллаев Орталық Азиядағы ең қымбат футболшы атанды.

Transfermarkt порталында жарияланған мәліметке қарағанда, Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін теңбіл доп шеберінің бағасы 6 млн еуроға жеткен.

Осылайша, Аббосбек Файзуллаев алғаш рет Орталық Азияның ең қымбат ойыншысы атанып отыр. Ал Италияның «А» сериясында  ойнайтын Эльдор Шамуродовтың бағасы Transfermarkt порталында 5 млн еуроға бағаланған.

Былтыр ЦСКА Аббосбек Файзуллаевты Ташкенттің «Пахтакор» клубынан небәрі 500 мың еуроға сатып алған болатын. Ол бір жылда Мәскеу клубының құрамында Ресей чемпионаты мен кубогы ойындарында 5 гол салып, 14 нәтижелі пас берді. Енді оның бағасы 10 есе өсіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама