×

Мемлекет басшысы SANA Sport орталығымен танысты

Мұнда спорт, шығармашылық, білім бағыттары бойынша 29 үйірме жұмыс істейді

 Дастан Жұмабекұлы 05.06.2024 | 15:16
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы әлеуметтік нысандарды аралап, отбасылық SANA Sport орталығында болды.

Мұнда спорт, шығармашылық, білім бағыттары бойынша 29 үйірме жұмыс істейді. Сондай-ақ 29 жаттықтырушы мен 25 жоғары білікті педагог еңбек етеді.

Мемлекет басшысына Damu Development Group консорциумы іске асырып жатқан әлеуметтік жобалар жөнінде мәлімет беріліп, SANA Sport кешені аумағындағы саябақты қайта жаңғырту жоспары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтағы спорт залдарын, шығармашылық үйірме бөлмелері мен оқу кабинеттерін аралап көрді

Сонымен қатар үйірмеге шеберлік дәрісін өткізуге келген шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Айару Алтынбекке сыйлық табыс етіп, сәттілік тіледі. Жас шахматшы бұған дейін президентке хат жазып, кездесу жөнінде өтінішін айтқан еді. Соның сәті бүгін түсіп тұр.

Кешенде 4 мыңнан астам баланың қосымша білім алуына жағдай жасалған. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жеткіншектердің үйірмелерге қатысуына «Мереке» қайырымдылық қоры қолдау көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама