Ақжар ауылына қауіп төнген жоқ
Атырау облысының Ақжар ауылында нөпір су қорғаныс бөгетін шайып кетті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, елді мекенге қауіп төнген жоқ. Ағын су 100 метрге жуық аумақты қамтыған.
Қазір бөгетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа Атырау мен Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 20-ға жуық қызметкері жұмылдырылды.
Соңғы бір аптада Атырауда Жайық деңгейінің төмендегені байқалады. Дегенмен учаскеге жауапты адамдар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бөгеттерді кезекшілікпен күзетіп отыр, – делінген хабарламада.
Облыс су тасқынының шарықтау шегінен шыққан.