×

Шақырту кубогы: Қазақстан волейболшылары алғашқы жеңісіне жетті

Осы турнирдегі бірінші ойында ұлттық құрама жеңілген болатын

 Дастан Жұмабекұлы 05.06.2024 | 14:04
Фото: Olympic.kz

Волейболдан еліміздің ерлер командасы Бахрейнде өтіп жатқан шақырту кубогында алғашқы жеңісіне жетті.

Ұлттық құрама Таиланд командасымен кездесіп, қарсыластарынан 3:2 (25-21, 22-25, 25-23, 19-25, 15-13) есебімен басым түсті. Матч өте тартысты және қызықты болды.

Осы турнирдегі бірінші ойында Қазақстан Пәкістаннан 0:3 есебімен жеңілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама