Halyq Uni логотип
×

Елімізге Кертағы – Пржевальский жабайы жылқы түрі әкелінді (ВИДЕО)

Қостанай облысының Амангелді мен Жангелдин аудандарына сирек кездесетін 40 жануар қайта жерсіндірілетін болады

 Дастан Жұмабекұлы 05.06.2024 | 12:00
Елімізге Кертағы – Пржевальский жабайы жылқы түрі әкелінді (ВИДЕО)
Фото: gov.kz/ Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Торғай өңіріне «Пржевальский-Керқұлан, Кертағы жылқылары әкелінді. Осыған байланысты «Алтын дала» қорығында салтанатты рәсім өтіп, оған Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов, жазушы Қанат Тасыбеков, Чехия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Павол Шепеляк пен Прага зообағының директоры Мирослав Бобек бастаған делегация мүшелері қатысты.

«Жабайы жылқыларды қайтару» халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау мақсатында Чехия Қарулы күштерінің арнайы әскери-көліктік ұшағымен Чехиядан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында реинтродукциялау үшін Пржевальский жылқысының (Керқұлан, Кертагы) 8 басы жеткізілді. Енді алдағы уақытта барлығы 40 бас жылқыны тарихи Отанына әкелу жоспарланып отыр.

Қазақстан мен Чехия мамандарының жемісті ынтымақтастығының арқасында екі ел арасындағы халықаралық келісім шеңберінде Қостанай облысына (Амангелді мен Жангелдин аудандарына) осы сирек кездесетін 40 жылқы қайта жерсіндірілетін болады.

Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановтың айтуынша, бұрын даламыздың көркі болған жылқының бұл түрі 60-жылдары мүлде жойылып кеткен болатын. Қазақстан Үкіметінің сұранысын Чехия мамандары қолдап, Қостанай облысының оңтүстік өңірі аумағында орналасқан «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватына 40 жабайы жылқыны реинтродукциялауды жоспарлаған. Осыған сәйкес, алғашқы лектегі 8 жылқының үшеуі Амангелді мен Жангелдин ауданындағы «Әліби» реинтродукция орталығына әкелінді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама