Halyq Uni логотип
×

Мемлекетке Виктор Храпуновтың кәсіпкерлерге заңсыз берген мүлкі қайтырылды

50 сотық жері бар алып кешен 3 млрд теңгеге бағаланған

 Дастан Жұмабекұлы 05.06.2024 | 11:30
Мемлекетке Виктор Храпуновтың кәсіпкерлерге заңсыз берген мүлкі қайтырылды
Фото: gov.kz

Алматы қаласының прокуратурасы құны 3 млрд теңге болатын Жедел медициналық көмек кешенін мемлекетке қайтарды.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 қарашадағы шешімімен қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылғаны хабарланған болатын.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Ауданы 3 974 шаршы метр және 50 сотық жері бар бұл кешенді Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген, – делінген хабарламада.

Қазір жылжымайтын мүлік қала әкімінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің теңгеріміне берілді. Қосымша қосалқы станция ашу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама