×

ТМД елдері ішіндегі үздік әуежай анықталды

Конкурсты ТМД-ға қатысушы елдердің азаматтық авиациясының «Аэропорт» қауымдастығы өткізеді

 Еркеғали Болатұлы 05.06.2024 | 11:11
фото: gorodminsk.blogspot.com

2023 жылдың қорытындысы бойынша ТМД елдері арасында «Жылдың үздік әуежайы» байқауының жеңімпазы анықталды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің әуежайлары арасында конкурсты жыл сайын ТМД-ға қатысушы елдердің азаматтық авиациясының «Аэропорт» қауымдастығы өткізеді.

Мәскеуде Ассоциация мүшелерінің жылдық есеп беру жиналысындағы марапаттау рәсімі барысында Минск әуежайы 2023 жылы «ТМД-ның үздік әуежайы» кубогына ие болды.

Бұл туралы ақпарат Минск ұлттық әуежайының ресми сайтында жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама