×

Қазақстан командасы садақ атудан Азия кубогына қатысады

Құрлық додасында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко ел намысын қорғайды

 Дастан Жұмабекұлы 05.06.2024 | 10:27
Фото: Olympic.kz

Садақ атудан еліміздің құрама командасы Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында Азия кубогы үшін өтетін турнирге қатысады. Қазір құрама толығымен жасақталып, спортшылар жарысқа аттанды.

Құрлық додасында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко ел намысын қорғайды. 

Спортшылар Париж Олимпиадасына іріктеуден өткен. 

Одан басқа, Денис Ганкин, Алина Ілиясова, Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Елизавета Авдеева, Сергей Христич, Андрей Тютюн, Бунед Мирзаметов, Әсет Адемир, Адель Жексенбинова, Жанель Шадиярова, Эльмира Раисова мен Айжан Сейдахметова жүлдеге таласады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама