Астанадағы орталық көшелердің бір бөлігі толығымен жабылады
Онда жол жөндеу жұмыстары 7-11 маусым аралығында жүргізіледі
Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Елордалықтарға Сарайшық көшесінің «Бәйтерек» монументі жанындағы бөлігі толығымен жабылатыны ескертілді, деп хабарлады қала әкімдігі.
Ведомство мәліметінше, елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 7 маусымда сағат 21:00-ден 11 маусымда сағат 06:00-ге дейін Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейінгі учаскеде Сарайшық көшесі бойынша жол жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Жөндеу кезінде Сарайшық-Тұран қиылысы ашық, ал Сарайшық-Түркістан қиылысы жабық болады, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ әкімдік өкілдері елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында бағытты алдын ала жоспарлау керек екенін ескертті.