Эйфель мұнарасына найзағай түсті
Бір уақытта екі камерамен түсірілді
Кеше Париждегі Эйфель мұнарасына найзағай түсті. Бұл туралы танымал фотограф Кулик Бертран өзінің Twitter-дегі парақшасына жазды.
Эйфель мұнарасына сағат 18.00 шамасында түскен найзағай. Бір уақытта екі камерамен түсірілді, - деп жазды Бертран.
Француздық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, кешенге жылына орта есеппен 5 рет найзағай түседі екен. Бұл халыққа қауіпті емес. Өйткені Эйфель мұнарасының жоғарғы жағында электр қуатын тарататын 4 жайтартқыш орнатылған.