×

Қазақстан да Samsung смартфондарын шығаруға дайын

Ел нарығының 50%-дан астамын оңтүстіккореялық бренд қамтиды

 Еркеғали Болатұлы 05.06.2024 | 09:15
фото: shellypalmer.com

Қазақстан Оңтүстік Кореяға Samsung смартфондарын бірлесіп шығаруды ұсынды. Бүгінде ол – еліміздегі ең танымал телефон.

Бұл құрылғыларға сұраныс тұрақты түрде өсіп отыр. Қазақстан нарығының 50%-дан астамын оңтүстіккореялық бренд алып жатқанын ескере отырып, елімізде смартфондардың бірлескен өндірісін құру мәселесі қарастырылып жатыр, – деп мәлімдеді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері бұл жобаға серіктес таба алатындарына да сенімді.

«Қазақстанда дарынды жастар, университеттер және кешенді инновациялық экожүйе базасы бар. Елде смартфондарды бірлесіп шығаруға болады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама