×

Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды

Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиялық ойындарға қатысып келеді

 Дастан Жұмабекұлы 04.06.2024 | 18:01
Фото: Olympic.kz

Қазақстан Көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды.

30-31 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға «Құрметті жаттықтырушы» атағы берілді. 

Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарады. 

Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиялық ойындарға қатысып келеді. Париж Олимпиадасында Елжаңа Таниева көркем гимнастикадан ел намысын қорғайды. 

Әлия Мақсұтқызы – Қазақстан намысын Олимпиадада абыроймен қорғаған алғашқы гимнасшы. Ол 2004 жылғы Афина Олимпиадасында төртінші, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында бесінші орын алған. 

Одан басқа, ол – Азия ойындарының жеңімпазы, Азияның абсолютті чемпионы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама