Ол 5 жылға сотталды
Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 185-бабы 3-бөлігі («Мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету») бойынша азамат К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.
Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды.
Сотта прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші адамдарға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді.
Үкім заңды күшіне енді.