×

Жол ережесін өрескел бұзған Lada жүргізушілері жауапқа тартылды

Олар жасаған әрекетіне өкінеді

 Дәурен Ерболат 04.06.2024 | 15:45
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған Lada көлігінің жүргізушілері анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында заңды елемеген 2 бірдей көліктің видеосы анықталды. Бейнежазбадан автокөліктерде мемлекеттік нөмірдің болмағанын, арнайы жарықшамдар орнатылғанын, жүргізушілердің жол ережесін сақтамағанын, басқа көліктердің жүруіне кедергі келтіргенін және жолда апаттық жағдай тудырғанын көруге болады.

Тексеріс барысында заңды бұзу дерегі Ордабасы ауданының Темірлан ауылындағы орталық көшелердің бірінде болғаны анықталды.

Lada-21705 мен Lada-2114 көліктерінің 21-22 жастағы жүргізушілері жол ережесін өрескел бұзған. Олар – сол ауылдың тұрғындары. Күдіктілердің үстінен әкімшілік іс қозғалып, жауапқа тартылды. Көліктер айыптұраққа қойылды.

Жүргізушілер кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкінетінін айтты. Олар енді жол ережесін өрескел бұзбауға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама