Ал жекелей сында ол қарсыласынан жеңіліп қалды
Теннисші Әмір Омарханов «Ролан Гаррос» турнирінің жасөспірімдер арасында өтіп жатқан жарысында жұптық сында екінші айналымға шықты.
Ол ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге алғашқы ойынын франциялық Антуан Фато және Даниэль Жадемен ойнап, оларды 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңді.
Бұл матч бір сағаттан астам уақытқа созылды.
Енді Омарханов-Дерепаско дуэті ширек финалға шығу үшін жарыстың 5-ракеткалары – франциялық Чарли Камю және аустралиялық Хайден Джонспен кездеседі.
Жекелей сында Әмір Омарханов алғашқы айналымда испаниялық Рафаэль Ходардан 2:6, 2:6 есебімен жеңілді.