Halyq Uni логотип
×

Бердібек Сапарбаев тағы да қызмет атқарғысы келетінін жасырмады

Мен қазір үйде, бала-шағаммен отырмын дейді

 Еркеғали Болатұлы 05.06.2022 | 11:55
Бердібек Сапарбаев тағы да қызмет атқарғысы келетінін жасырмады
Фото: tengrinews.kz

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының №59 референдум учаскесіне дауыс беруге барған Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев президентпен не үшін кездескенін, өзіне қызмет ұсынылса, атқаруға дайын екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемеұлына кірген мақсатым – ол кісінің берген тапсырмалары қалай орындалғанын және қандай жұмыстар жасалғанын айту. Одан кейін аз да болса тәжірибеміз бар. Өзімнің ойыммен, пікіріммен бөлістім. Оны мемлекет басшысы қабылдады, - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі өзі туралы «жаңа облысқа әкім болып бару мүмкін» деген болжамға қатысты сұраққа жауап берді.

«Ондай әңгімелер көп. Ешқандай ұсыныс жоқ. Мен қазір үйде, бала-шағаммен отырмын. Қызметке шықарса... Егер менің тәжірибем, білімім Отаныма, халқыма керек болса, онда, әрине, халық үшін қызмет етуге дайынбыз», - деп атап өтті Сапарбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама