×

2024-2025 оқу жылының каникул уақыты жарияланды

Оқушылар 2-тоқсанда 11 күн демалады

 Дәурен Ерболат 04.06.2024 | 13:40
Фото: pro-dachnikov.com

2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін, қорытынды аттестаттаудан өткізу уақыты жарияланды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, мектептерде оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.

  • 1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);
  • 2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
  • 3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз аралығында);
  • 1-сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2025 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
  • 4-тоқсан – 8 оқу аптасы.

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусымға дейін, ал 11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 2025 жылғы 30 мамыр мен 12 маусымда ұйымдастырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама