Halyq Uni логотип
×

Референдумда бюллетеньдердің өшіп қалатын сиямен толтырылып жатқаны рас па?

Видеода ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалады

 Дәурен Ерболат 05.06.2022 | 11:40
Референдумда бюллетеньдердің өшіп қалатын сиямен толтырылып жатқаны рас па?
фото: Halyq Uni

Интернетте «бүгін республикалық референдумда түсірілген» деген видео жарияланды. Бірақ бұл ақпарат фейк болып саналады, деп хабарлады stopfake.kz.

Видеода ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалады. Автордың пікірінше, дауыс беру кабиналарына осындай өшіп қалатын сиясы бар қаламдар әдейі қойылған.

«Шын мәнінде, жазу жоғалып кететін видео ескі. Ол әлеуметтік желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған. Роликтің қазір өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама