×

Дзюдошылар Олимпиаданың жолдамасы үшін өзара күреседі

Іріктеу белдесуге рейтингте үздік нәтиже көрсеткен Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қатысады

 Дастан Жұмабекұлы 04.06.2024 | 11:55
Фото: Olympic.kz

Қазақстан дзюдо федерациясы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасына қатысатын спортшыны анықтау мақсатында іріктеу белдесуінің болатынын хабарлады.

Іріктеу белдесуге олимпиадалық рейтингте үздік нәтиже көрсеткен балуандар Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов пен Мағжан Шамшадин қатысады. Олар Олимпиадаға қатысуға үміткер спортшылар тізіміне кіріп отыр.

Іріктеу белдесулері 7 маусымда ұлттық құраманың Алматы қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясы мен Халықаралық Олимпиада комитетінің ережесі бойынша жазғы Олимпиялық ойындарға дзюдодан әр салмақтан әр елден тек бір спортшы ғана қатысады, – делінген хабарламада.

Іріктеу белдесулері туралы толығырақ мәлімет қосымша хабарланады.

Айта кетер жайт, лицензия – Олимпиадаға жеңіп алған құқық, ал жолдама сол құқықты иеленген спортшыға беріледі. Жолдама міндетті түрде Олимпиадаға лицензияны жеңіп алған адамға берілмейді. Ал бокста жолдамаға лицензияны жеңіп алған адам ғана ие болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама