Бұл адамның өмірін сақтау үшін маңызды
Семейде полиция жүргізушілерден жәдел жәрдем көліктеріне жол беруді сұрады, деп хабарлады облыстық ПД.
Қалада көлік апатын болдырмау және жәдел жәрдем көліктеріне жол беру маңызды екенін еске салу үшін тәртіп сақшылары рейд жүргізді.
Полиция жүргізушілер арасында түсіндіру жұмысын жүргізіп, медицина қызметкерлері отырған көлікке жол беру адам өмірін сақтап қалу үшін маңызды екенін атап өтті.
Жолда жедел жәрдемді көргенде адамға шұғыл медициналық көмек керек екенін түсініңіз. Сіз адамды өлімнен аман сақтап қалуыңыз мүмкін, мұнда әр секунд маңызды, - деді тәртіп сақшылары.
Айта кетейік, арнайы қызмет көлігіне жол бермегені үшін 25 844 теңге айыппұл қарастырылған.