4 маусымға ауа райы болжамы жарияланды
Найзағаймен жаңбыр жауады, күндіз солтүстікте, шығыста - бұршақ болады.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 4 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы болады, найзағаймен жаңбыр жауады, күндіз солтүстікте, шығыста - бұршақ болады. Республика бойынша жел күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атыраудың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-шығысында, Түркістанның тау бөктеріндегі аудандарында, Жамбылдың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары деңгейде өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.