Halyq Uni логотип
×

«Жетісу» футбол клубының директоры ұсталды

Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған

 Халық үні 03.06.2024 | 21:45
«Жетісу» футбол клубының директоры ұсталды
Фото: fk-jetisu.kz

Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі.

Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама