×

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 4-6 маусымға ауа райы болжамын жариялады.

 Халық үні 03.06.2024 | 19:50
Фото: needpix.com

«Қазгидромет» РМК 4-6 маусымға ауа райы боламын жариялады.

Алдағы үш күнде республика бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, бұл атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, сол себептен жаңбыр, найзағай, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жауып, екпінді жел күшейеді.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, еліміздің батысында +30+39 °С дейін, солтүстік-батыста +25+35 °С дейін, солтүстікте +23+30 °С дейін, орталықта, шығыста +25+33 °С дейін, оңтүстікте +35+40 ° С дейін, оңтүстік-шығыста +28 + 35 °С дейін көтеріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама