Halyq Uni логотип
×

Қызылордада инвесторға 112 млн теңге заңсыз айыппұл салынған

Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметкері жауапқа тартылды

 Дастан Жұмабекұлы 03.06.2024 | 17:50
Қызылордада инвесторға 112 млн теңге заңсыз айыппұл салынған
Фото: gov.kz/ Қызылорда облысының прокуратурасы

Қызылорда облысында инвесторға 112 млн теңге заңсыз айыппұл салынған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Өңірдің құзырлы органы табиғи монополияларды реттеу департаментінің «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ инвесторына қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді заңсыз қозғау фактісін анықтады.

Департамент Кәсіпкерлік кодекстің 144-2-бабын («Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау») сақтамай, профилактикалық бақылаумен инвесторға әкімшілік іс қозғаған. Бұл жағдайда департаменттің әрекеті заңға қайшы болып танылды. Себебі әкімшілік іс жүргізу тек тексеру қорытындысы негізінде басталуы қажет, – делінген хабарламада.

Прокуратура заңсыз істерді тоқтатып, кінәлі қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвестор жалпы сомасы 112 млн теңге айыппұл төлеуден босатылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр және қатаң бақылауға алынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама