Ол күміс медальға ие болды
Ұлттық құраманың спортшысы Диас Тойшыбек спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының Challenge Cup турнирінде күміс жүлдеге ие болды.
Ол ат снарядындағы финалда 14.150 ұпай алды. Мұнда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасына қатысқан украиналық Илья Ковтун топ жарды.
Қола жүлде хорват гимнасшысы Матео Жугецке бұйырды.