×

Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына жақындап келеді

Теннисші Францияның биылғы ашық чемпионатында әлі бірде-бір сетте жеңілген жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 03.06.2024 | 16:06
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымында украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Осылайша, әлемнің төртінші ракеткасы қарсыласына 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль үшін ойындағы кеткен есесін қайтарды.

Енді Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейлік Элина Аванесянмен немесе италиялық Ясмине Паолинимен ойнайды.

Теннисші Францияның биылғы ашық чемпионатында әлі бірде-бір сетте жеңілген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама