Halyq Uni логотип
×

Президент Ресей Мемлекеттік думасының төрағасын қабылдады

Қос тарап Еуразиялық интеграцияның болашағы жөнінде пікір алмасты

 Дәурен Ерболат 03.06.2024 | 14:10
Президент Ресей Мемлекеттік думасының төрағасын қабылдады
Фото: Telegram/Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

РФ-дан келген Мемлекеттік думаның төрағасы ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты.

Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті.

Президент көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халқының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама