Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында әйел 10 айлық сәбиін жоғалтып алды (ВИДЕО)

Бала анасы үй шаруасымен жүргенде ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 03.06.2024 | 13:24
Түркістан облысында әйел 10 айлық сәбиін жоғалтып алды (ВИДЕО)
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында әйел 10 айлық сәбиін жоғалтып алып, полицейлердің көмегімен бір сағатта баласымен қайта қауышты.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, көше бойында жасқа толмаған сәбидің бір өзі еңбектеп жүргенін айтқан.

Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қыздың ата-анасын іздестіріп, бір сағатта баланы әке-шешесіне тапсырды.

Полицейлер сәбидің ата-анасын ауданның көшелерін тексере жүріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде полицейлер бір сағатта сәбидің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, анасы үй шаруасымен жүргенде бала ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен.

Сәбидің анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама