Жүйе жол ережесін бұзған жүргізушілерді де анықтайды
Алматы облысында заң бұзғандарды бірден анықтауға мүмкіндік беретін бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Өңірдегі полиция департаментінде TargetAI limited IT-компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Онда Video Management System бағдарламасының мүмкіндіктері туралы айтылды. Бағдарлама заң бұзғандарды бет-әлпетті тану жүйесі арқылы анықтайды.
Бағдарлама бейнекамераларды бір интерфейске шектеусіз мөлшерде орталықтандыруға және оларды басқару үшін қолданыстағы бейнебақылау камераларына аналитиканы енгізуге мүмкіндік береді. Сараптамалық мәліметтер негізінде оқиғаның мән-жайы анықталады, - деді компания қызметкерлері.
Сондай-ақ платформа ІІМ ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады.
Сақалдың, көзілдіріктің және басқа атрибуттардың болуына қарамастан бетті автоматты түрде тану функциясынан басқа, бағдарлама жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде анықтайды. Платформа әртүрлі әлеуметтік желілер, ашық дереккөздер арқылы бетті тану жүйесі арқылы іздейді және объект (ізделетін адам) орналасқан фотосуреттерді көрсетеді, – деді компания өкілдері.