Атырау облысында жолды тағы да тасқын суы шайып кетті
Топырақтың да, асфальттың да жоғары деңгейдегі ылғалдылығы байқалып отыр
Соңғы 5 күннен бері Атырау облысындағы Хамит Ерғалиев-Таңдай бағытындағы жолды су басу жағдайы сақталып отыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Судың көп мөлшерде келуіне байланысты топырақтың да, асфальттың да жоғары деңгейдегі ылғалдылығы байқалып отыр, - делінген хабарламада.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, аталған жолда жүк машиналарының қозғалысына шектеу енгізілді.
Жаз шықса да өңірде әлі тасқын толастамай тұр.