×

Қайрат Боранбаев Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

Сайлауға кәсіпкерден басқа ешкім түспеді

 Дастан Жұмабекұлы 03.06.2024 | 12:07
Фото: prosports.kz

Олимпиялық ойындар қарсаңында Ұлттық Паралимпиада комитетінің басшысы ауысты. Осыған дейін комитеттің басшысы болған Қайрат Боранбаев қайтадан ҰПК-нің президенті болып сайланды. Бұл туралы Ұлттық Паралимпиада комитеті хабарлады.

Комитет Бас ассамблеясының отырысында ұйымның жаңа президентін, мекеменің тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау мен ҰПК-нің жарғысына өзгерстер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.

Отырыста Қайрат Боранбаев комитеттің соңғы 4 жылда атқарған жұмысы мен қызметі туралы есеп берді. Содан кейін ол ҰПК-нің құрамына кіретін федерациялардың өкілдері ұйымның басшысы қызметіне қайта сайланды. Сайлауға Боранбаевтан басқа ешкім түспеді.

Жаңа президенттің кандитатурасын Дзюдо федерациясы мен велоспорт федерациясы және басқа да спорт ұйымдары қолдап, дауыс берді.

Мен Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан шешімімен Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Мені қолдағандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Мен үшін бұл өте маңызды қызмет. Біз Қазақстанда паралимпиялық қозғалысты дамыту жөніндегі ауқымды стратегиямызды іске асырамыз. Осы жолда жұмысты одан әрі жалғастырамыз. Жоспарымыз көп, – деді Қайрат Боранбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазір Паралимпиада ойындарына дайындық ойдағыдай болып жатыр. Жыл соңына дейін Астанада жаңа жаттығу орталығының құрылысы басталады. Сонымен бірге «Тарлан» инклюзивті мұз айдынын қайта жаңарту жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, паралимпиадашыларға арналған заманауи тренажерлер сатып алынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама