Олар сапарын алдын ала жоспарлауға тиіс
2024 жылғы 3-4 маусым аралығында елорда орталығындағы көшелер жөндеуге жабылады, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Биыл 3-4 маусымда Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сондықтан көлік қозғалысы толық шектеледі, - деп жазылған хабарламада.
Ескерту: қала тұрғындары мен жүргізушілер жолдарда кептеліс болмасы үшін сапарын алдын ала жоспарлауға тиіс.