Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Алматыда Антикор полицияға пара беру дерегі бойынша тексерісті бастады, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы жарияланды. Онда Алматыдағы полиция қызметкерлеріне ақша берілгені айтылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақтылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.