Күдікті қамауға алынды
Қызылорда қаласында пышақ жарақатынан бір адам көз жұмды. Оқиға 2 маусымда Қызылорда қаласында болған.
Екі адам арасындағы жанжал туындаған.
Жанжал барысында бір адам пышақ жарақатын алып, қайтыс болған.
Бұл оқиғаны облыстық полиция департаменті растап, төмендегіше түсініктеме берді.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп мәлім етті департаменттен.