Ердоған президенттік сайлауға тағы да түседі

Қанат Атаманов

Ердоғанның үшінші рет сайлануына еш кедергі жоқ

Фото: ашық дереккөздерден

Түркияның қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған 2023 жылы маусымда өтетін Түркия президенттігінің сайлауына қатысады.

Бұл туралы Star газеті «Ұлттық қозғалыс партиясының» басшысы Девлет Бахчелиге сілтеме жасап хабарлаған. Ердоған биліктегі «Әділет және даму партиясы», «Ұлттық қозғалыс партиясымен» біріккен «Халық альянсы» атынан қатысады. 

Бахчелидің айтуынша, Ердоғанның үшінші рет сайлануына еш кедергі жоқ. 

Біздің президенттікке үміткеріміз анық. Ол - Режеп Тайып Ердоған. 2023 жылғы маусымда өтетін сайлауда Ердоған мырзаның үлкен басымдықпен жеңіске жететініне және «Халықтық альянстың» да кезекті жеңісіне сенемін. Біз президенттің кем дегенде үш мерзімге сайлануы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Ұлттық қозғалыс партиясының басшысы.

Оппозициялық партиялар өз кандидаттарын әлі атаған жоқ.

Режеп Тайып Ердоған 2014 жылы 10 тамызда Президент сайлауында жеңіске жетті, ал 2018 жылы мерзімінен бұрын сайлауда қайта сайланды.